KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен ШҚО-да болды

27.06.2022, 12:25 205

Сапар барысында министр Солнечное кентіндегі "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС қызметімен танысып, оқу орталығын, 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын, серіктестіктің селекциялық жетістіктер көрмесін, кәсіпорын қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үй кешенін аралады.
Сонымен қатар, Е.Қарашөкеев "ОХМК" ЖШС-да облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің АӨК мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. 

Сондай-ақ, аграршылармен сұхбат барысында өңірде көктемгі дала жұмыстары жоспарланған мерзімде сәтті аяқталғаны, сондай-ақ "Кең Дала" бағдарламасы шеңберінде форвардтық сатып алу және жеңілдікпен кредит беру көлемі ұлғайтылғаны аталып өтілді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесіп субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Е.Қарашөкеев Алтай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, сатуға және сақтауға мамандандырылған "Луч" алдыңғы қатарлы шаруа қожалығына барды.

Алтай ауданындағы өсімдік шаруашылығының үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 81% тиесілі.  2022 жылы егіс алқабы 75,4 мың га құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 1,2 мың га артық.

"Шығыс Қазақстан облысында 2022-2024 жылдар кезеңінде АӨК саласында 34 инвестициялық жоба, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған", - деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек, Е.Қарашөкеев, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға ағымдағы жылы 310 млрд теңгеден астам субсидия қарастырылғанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 80 млрд теңге, мал шаруашылығына – 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына – 120,4 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Жалпы, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін агробизнес субъектілерін қаржыландыруға қосымша 298,1 млрд.теңге бөлінгенін, оның ішінде саланы субсидиялауға 139 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталатынын атап өту қажет.

Сонымен қатар, 24 маусымда Өскеменде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және өңірдің аграрлық қоғамының өкілдері қатысқан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі мен кооперациясын дамыту бойынша көшпелі отырыс өтті.

Министр өз сөзінде ауыл шаруашылығы кооперациясын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралдарының бірі деп атады.

«Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары қолжетімді, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен қолдау бар. Кооперацияны ынталандыру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін сатып алынатын техника мен жабдықтың құнын 50% дейін субсидиялауға басымдық беріліп, ыңғайлы норматив көзделген. Салық заңнамасында ауыл шаруашылығы кооперативтері барлық салықтар бойынша 70% жеңілдікті көздейтін арнайы салық режиміне жатады», - деді Қарашөкеев.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы жеңілдікпен кредитке қол жеткізе алады. Өткен жылы кооперативтер 1,6 млрд теңге несие алды. Бүгінгі таңда республикада ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың оңтайлы нақты мысалдары бар, деп атап өтті ол.

2022 жылдың басында Қазақстанда шамамен 3 026 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген.

«Көптеген кооперативтер қызметінің тиімділігі өте төмен деңгейде қалып отырғанын және бұл АӨК субъектілері үшін жағымсыз фактор екенін мойындауымыз керек. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша кооперативтердің 18% жұмыс істемейтін, ал 42% мемлекеттік субсидиялар алу үшін ұйымдастырылған жалған кооперативтер екені анықталды. Ауылдағы кооперацияның негізгі проблемалары өткен жылдардың теріс тәжірибесі мен жергілікті жерлерде кооперативтер құру кезінде жіберілген қателіктерге байланысты кооперативтерге деген сенімнің төмендігі, кооперативтік модель туралы хабардың болмауы, нормативтік-құқықтық актілердің жетілдірілмеуі болып отыр», – деп жалғастырды министр.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе әлемнің көптеген елдеріндегі кооперативтер ауыл шаруашылығын дамытудың негізіне айналғанын көрсетеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері ЕО елдерінде жоғары дамыған: 22 мыңға жуық кооперативтік кәсіпорындар 6,1 млн-нан астам мүшені біріктіріп, жылдық айналымы 347 млрд еуро шамасын құрап отыр.

«Сондықтан АӨК дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасының басымдығы ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе құру болып табылады. Бұл қосылған құны жоғары түпкі қазақстандық өнімді құруға қатыса алатын жұмыс істеп тұрған кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қарашөкеев.

Сондай-ақ, Қазақстанда саланың жалпы өнімінің жартысына жуығы тиесілі жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтерін қалыптастыруды ауқымды түрде бастау жоспарланып отыр.

Алайда, министр атап өткендей, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялаудың негізгі проблемалық мәселесі оларды жайылымдық және шабындық жерлермен қамтамасыз ету мәселесі болып отыр. 

Мұндай жайылымдық жерлерді кооперативтер арқылы ғана тиімді басқаруға болады. Алайда, бұл нормаларды Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заң шеңберінде жеке заң жобасын қабылдамай пысықтау ұсынылды, деді Қарашөкеев.

«Министрлік ауыл шаруашылығы кооперативтеріне салық салуды жетілдіру бөлігінде қолданыстағы ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заңнаманы қайта қарау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ал ауыл шаруашылығы кооперациясын ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде кооперативтердің өз мүшелеріне көрсететін қызметтерінің құнын жаңа субсидиялауды енгізу бөлігінде жетілдіру, сондай – ақ білім тарату-кооперативтер мүшелерін ақпараттық – маркетингтік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту жоспары бар», - деп атап өтті АШМ басшысы.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы кооперациясы бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шаралар министрліктің негізгі стратегиялық құжаттарына, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына және АӨК-нің 2025 жылға дейінгі Ұлттық жобасына енгізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив