Катонқарағайда екі альпинист қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүріп, екі альпинист қаза тапты. Тағы бір Ресей азаматы зардап шекті.
23 маусымда Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл аумағындағы Белуха тауында альпинистер (төрт адам) туристердің тауға шығуы үшін трасса түзу жұмыстарын жүргізіп жатқанда қар көшкіні жүргені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызмет.
Апат салдарынан екі ер адам қаза тапты. Тағы бір Ресей азаматы зардап шекті. Тағы бір альпинист аман-есен.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі аяғы жету қиын жерге Ми-8 "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі аяғы жету қиын жерге Ми-8 "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді.
Оқиға орнына жеткен тікұшақ бір метр биіктікте қалықтап тұрды. Құтқарушылар тікұшақтың бортына екі қаза тапқан, бір жарақат алған ер адамды және аман-есен тағы біреуді көтеріп салды, - деп қосты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, 3 мың метр биіктікте құтқару операциясын жүргізу үшін бірнеше рейс жасау қажет болған.
Сонымен қатар оқыңыз
Зырян-Өскемен бағытындағы автобус аударылып бір адам қаза таптыЕуропа тауында 31 жыл бұрын қайтыс болған альпинист әйелдің денесі табылдыЕуропа тауында 31 жыл бұрын қайтыс болған альпинист әйелдің денесі табылдыАлматы-Ташкент күре жолында ірі жол апатында алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қаза болып, 11-і зардап шектіМанчестердегі концертте қазақстандық алты студент болған