Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Шығыс Қазақстанда цемент тиелген 9 вагон тағы да рельстен шығып кетті

22.06.2022, 17:29 19 0

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 маусымға қараған түні Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.

Оның үш вагоны Ресей Федерациясы меншігі болса, қалған 6-уы Қазақстан Республикасына тиесілі. Пойыз 36 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.

- Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы тоқтамады.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға екі рет қайталанған. Атап айтқанда 3 сәуірде және 8 сәуірде Серебрянск қаласының аумағында Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне кіреберісте бірден 18 вагон аударылып, оның алтауы суға құлады. Вагондар мыс-мырыш рудасын және шлактарды тасымалдаған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив