KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО әкімі белгілі жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаевқа пәтер кілтін табыстады

17.06.2022, 12:54 165

Бүгін жазушы, ақын және журналист, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев 75 жылдық мерейтойын тербеліп өскен тал бесігі Катонқарағайда атап өтіп жатыр.

Кешке жазушының қаламгер әріптестері, ел ағалары және оның туындыларын сүйіп оқитын көпшілік қауыммен бірге ШҚО әкімі Даниал Ахметов те қатысып, әдеби саладағы көп жылғы еңбегі мен қазақ тілінің дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

-  Облыстың өміріне белсене атсалысып, өңірдің әдебиет саласындағы еңбектері мен бастамалары үшін алғыс айтамын. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Шығыс Қазақстан облысы құрметті азаматы» деген құрмет - еңбегіңізге берілген лайықты баға. Құрметті Әлібек Қалиұлы, сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Мерейтойға орай облыс басшысы қаламгерге пәтер кілтін табыстап, қазақы салт бойынша иығына шапан жапты.

Пәтер кілтін табыстау сәті

Салтанатты шараға жазушы-сыншы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров та келген.

WhatsApp Image 2022-06-16 at 16.21.00.jpeg

Мерейтой иесі өз кезегінде, облыс әкіміне, әріптестері мен оқырмандарына ілтипат пен сый-сияпат жасағаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, аймақта мәдени мұраны сақтауға, әдебиет пен өнерді дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Биылда екінші рет мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен «Төр Алтай жырлайды» жыр кеші өтті. Жыл сайын аймақ басшысы Даниал Ахметов фестивальге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды марапаттайды. Мәселен, өткен жылы әкім Әлібек Асқаров пен Қадырбек Сегізбаевты құттықтаса, биыл ақын, жазушы, публицист, журналист Әлібек Қаңтарбаев 75 жасқа толып, арнайы келіп отыр.

-  Ол жас ақындар мен жазушылардың басылымдарын Бағалау жөніндегі кеңесті басқарып отыр. Бұл ұрпақтар сабақтастығының үңдестігі. Мұндай іс-шаралар жаңа есімдерді ашады және оларды көпшілікке танымал етеді. Биыл Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай жазушының шығармаларын да қайта басып шығаратынымызды атап өткім келеді, - деді Даниал Ахметов өз кезегінде. 

WhatsApp Image 2022-06-16 at 16.20.57.jpeg

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив