Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Елімізде Оқу-ағарту министрлігі құрылды

11.06.2022, 15:07 38 0 Мадина Амангелдіқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрлік, яғни Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы ретте Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылып, жаңа құрылған министрліктің басшылығына тағайындалды.

Оқу-ағарту министрлігінің құрылуына қатысты Асхат Аймағамбетов өз пікірін білдірді.


- Бұл шешім білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саланы дамыту бойынша алға қойған нақты міндеттеріне тиімді орындауға мүмкіндік береді, - дейді ол.


Сондай-ақ үш жыл бойы Білім және ғылым министрі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген жөн деп санайтынын алға тартты.


- Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, Білім және ғылым министрі кезімде қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, министрліктің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың және ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамдарына, облыстардың департаменттеріне, білім басқармаларына алғыс айтамын. Еліміздің педагогтеріне қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғысым шексіз. Алда Жаңа Қазақстанның дамуы жолында жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр, - деді Аймағамбетов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив