Өскемен
-14°
пасмурно ветер 1,9 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да «Мен - донор» акциясы өтеді

3.10.2022, 20:12 45 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы», Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен бірлесіп, С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «Донор күні» қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың қауіпсіз қанға және оның құюға арналған өнімдеріне деген қажеттіліктері және денсаулық сақтау жүйесі үшін өтеусіз ерікті қан донорлығының маңыздылығы туралы ақпаратты арттыру.

Акцияға С.Аманжолов атындағы ШҚУ Профессорлық-оқытушылық құрамы, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы»  қызметкерлері, еріктілер және қала тұрғындары қатысады.

Жиналған барлық донорлық қан балаларды лейкемиямен емдеуге және ересек тұрғындар арасындағы гемофилия және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған.


Өтетін күні: 2022 жылғы 4 қазан

Өтетін уақыты: 9.00-13.30

Өтетін орны: 30 Гвардейский көшесі 34, С.Аманжолов атындағы ШҚУ

Қосымша ақпараттар үшін: 8-72-32-610-942, 8 777-578-61-17

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив