Өскемен
-7°
облачно с прояснениями ветер 6 м/с, СЗ
460.79 490.51 6.02

ШҚО-да референдумға қатысу көрсеткіші 77,49%-ды құрады

5.06.2022, 22:58 27 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда еліміздің бас Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум аяқталды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Шығыс Қазақстан учаскелеріндегі дауыс беру процесін бақылау халықтың азаматтық белсенділігінің деңгейі жоғары екенін көрсетті, сондай-ақ жауапты органдардың жұмысына оң баға беруге мүмкіндік берді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымдағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,65 пайызы алды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 77,49 пайызды құрады.

Референдум күні шығыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соқты. Алайда бұл жағдай дауыс берушілердің келуіне әсер еткен жоқ. Таңертеңнен бастап учаскелерде кезектер пайда болды. Шығысқазақстандықтар ұзақ жылдарға бүкіл елдің даму жолын айқындайтын мәселеге белсенді және жауапкершілікпен қарады.

0f698a33a1bf05fb3b97d628d752f366.jpeg

Жалпы бұл күн саяси институттар мен азаматтық қоғамның жақсы даму деңгейін көрсетті. Күннің бірінші жартысында аға буын өкілдері, ақсақалдар, ардагерлер белсенді дауыс берді. Түске қарай учаскелерде жастар көп болды, адамдар отбасыларымен, қарт ата-аналарымен және балаларымен келді. Осылайша, референдум процесі лакмус сынағы ретінде халықтың топтасуы мен бірлігі дәрежесін көрсетті.

Барлық дауыс берушілерге өз пікірін білдіру құқығы берілді. Учаскелерде үкіметтік емес ұйымдардың, түрлі қозғалыстардың өкілдері болды, олар жағдайдың бейресми екендігін, мерекелік атмосфераны және азаматтардың барлық санаттары үшін қолайлы жағдайларды атап өтті. Мәселен, көптеген ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, өңірдің байырғы тұрғындары үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие бола отырып, осындай маңызды саяси оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін учаскелерге өздері келді. Учаскелерге келе алмаған азаматтар үйден, әскери бөлімнен, ауруханадан, тіпті, перзентханадан шықпай дауыс берді. ШҚО-да барлығы 1027 учаске, оның ішінде 959 ашық және 68 учаске азаматтардың уақытша болу орындарында жұмыс істеді.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив