Өскемен
-7°
облачно с прояснениями ветер 6 м/с, СЗ
460.79 490.51 6.02

Халық наразылығын тудырған шошқа фермасына тексеру жүргізілді - ШҚО

17.05.2022, 10:42 99 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының іргесіндегі және Глубокое ауданы Лесхоз, Шмелев Лог және Степное ауылдарындағы халықтаң наразылығын тудырған шошқа фермасына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында жоғарыда аталған ауыл тұрғындарды жиналып, шошқа фермасының қоршаған ортаны ластап жатқанын айтып шағымданғанын жазған болатынбыз.

Жауапты департамент ол кезде мұндай жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін Экология министрлігінің бұйрығын күтіп отырғандарын айтып қысқа қайырған еді.

Күні кеше осы мәселеге қатыста Глубокое ауданының тұрғындармен кездесу өтті.

Жиналған жұртшылық бұл жолы да шошқа фермасы мен мал сою алаңынан шыққан қалдықтардың табиға орта мен адам денсаулығына келтіретін зияны туралы тағы айтты.

-        Департамент зертханасының мамандары химиялық талдау жасау үшін ферма аумағындағы жер мен ұңғымалардағы жерасты суынан сынама алған болатын. Енді зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оның нәтижелері алдағы күндерде белгілі болмақ, - дейді ШҚО экология департаменті баспасөз қызметі

Ал «Родничок» шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы Шмелев Лог және Лесхоз ауылдарында жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын рәсімдемеген. Бұл мәселе бүгінде облыс прокуратурасының да бақылауына алынып отыр. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив