Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Қазақстанда ЖСН алу жеңілдеді

29.09.2022, 22:49 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министр бүгін Астана әкімдігімен бірге «Жастар» сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан екен. Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылған болатын.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатыр.


- Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде. Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады, - дейді Бағдат Мусин.


Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады.

Сонымен қатар, министр бүгін екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетінін хабарлады. Нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив