Өскемен
-9°
пасмурно ветер 2,6 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Ұлан және Көкпекті аудандарында орман өртенді

3.05.2022, 12:56 155 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да бірден екі ауданда орман өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

30 сәуірде «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығында бұта мен шөп өртенген. Өрт сөндірушілер 100-дан астам гектарға жайылған қызыл жалынмен күресуде. Сонымен қатар, Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында да өрт шыққан

 Қатты желдің салдарынан жалын лезде жайылып, үлкен аумақтарды шарпыды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Барлығы 50 қызметкер мен 9 бірлік техника. 120 гектар алаңда кеше кешке толық сөндірілді.

Екінші учаске "Асубұлақ орман шаруашылығы"КММ аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізілуде. Аумағы шамамен 50 гектарды құрайды. Тілсіз жаумен ШҚО ТЖД құтқарушыларының, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың күштері күресуде. 30 сәуірден бастап барлығы 212 қызметкер мен 32 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, Өскемен қаласынан суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ тартылды.

155
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив