Өскемен
+3°
пасмурно ветер 3 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

Мектептегі дәретханалар мен асханалардың күйіне шағымдануға болады

27.04.2022, 19:25 29 0 Мадина Амангелдіқызы

Енді мектептегі дәретханалар мен асханалардың күйіне қатысты шағым түсіруге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Балаға лайық» республикалық акциясын бастады. Акция аясында «Мектепті жақсартуға көмектес!» - ұранымен мектеп дәретханалары мен асханаларына мониторинг жүргізіледі.
Оған кез келген ниет білдіруші: мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатыса алады.
Ол үшін 8 700 6990446 нөміріне WhatsApp пен Telegram-ға және https://t.me/Balagakz_bot - сілтемесіне нормаға сәйкес келмейтін немесе талаптар сақталмаған мектеп дәретханалары мен асханаларының фото және видеоларын жіберу қажет. Сонымен қатар Instagram, Tiktok әлеуметтік желілеріне #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегімен жүктеуге болады.

Айта кетсек, осыған дейін министрлік бірқатар өңірге әкімдіктердің құзырындағы мектеп дәретханалары мен мектеп мәзірін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін хат жолдаған болатын.

Аталмыш акция жазалау үшін емес, қоғамды бірлесіп балаларға қажетті жағдай жасауға тарту үшін жүргізілетінін атап өту қажет. Кейін фотолар мен видеолар бұзушылықтарды жою талаптарымен өңірлердің Білім басқармаларына жолданады. Олқылықтар жойылғаннан кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасында мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» фотолары мен видеолары жарияланады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив