Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

Өскеменде жылу беру маусымы ерте басталады

28.09.2022, 11:47 27 0 Ләззат Қанатқызы

Метеорологиялық деректер мен ауа температурасы ​ төмендеуі мүмкін деген болжамды ескере отырып, Өскемен қаласында жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

-        Қалада жылу беру маусымы 2022 жылдың 29 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында басталады. Осы төрт күн ішінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылған нысандарға, оның ішінде Жаңа Согра, Радужный кенттері​ мен Солнечный ауылындағы нысандарға жылу кезең-кезеңімен беріледі, - деді ол.

Айта кету керек, жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысына қатысты барлық сұрақтарды "Өскемен жылу жүйелері" АҚ мамандарына @ukts_info парақшасы арқылы жолдауға, ал үйішілік жылу жүйесін іске қосу бойынша сұрақтарды жылу шаруашылығына жауапты тұлғаға (ҚС, МИБ, ПИК және т.б.) қоюға болады.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив