ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
ясно ветер 0,7 м/с, ЮВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір үш ауданның логистикасын өзгертеді

27.09.2022, 18:18 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бірден екі жағалаудан басталады және маусымдық ауа-райына тәуелді болмас үшін техникалық көпір салынды. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кеше аймақ басшысы жұмыс сапары аясында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының барысымен танысқан болатын.

20220927_182226.jpg

Бұл - үш ауданды байланыстыратын бірегей стратегиялық және әлеуметтік нысан. Көпір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынуда.


- Құрылыс бірден екі жағалаудан басталады және маусымдық ауа-райына тәуелді болмас үшін техникалық көпір салынды. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істейді, олар үшін вахталық кент те жабдықталған. Көпірдің ұзындығы - 1316 метр. 21 тіректің 9-ы салынды . Болашақ өткелдің сенімділігі мен беріктігінің көрсеткіші - көпір салушылар ең заманауи технологияларды қолданады. Мысалы, тіректің тереңдігі 40 метрден асады. Төсемнің ені 10 метрді құрайды, көлік айрықтары, су бұру және мал өту жолдары қарастырылған. Көпір кеме қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өту қажет, - дейді Даниал Ахметов.


Сонымен қатар, әкім Қазақстан үшін бірегей құрылыстың салынуы Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының логистикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретінін айтып өтті. Жоба аяқталғаннан кейін паром өткелінің бағасы барлық тауарлардың құнына енгізілмейді екен. Көпір аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ туризм, өнеркәсіп және кәсіпкерлікке жаңа серпін бермек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды