Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Жалдамалы пәтер бағасының өсуіне байланысты арнайы жедел желілер іске қосылады

27.09.2022, 15:38 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Соңғы күндері елімізде Ресей Федерациясынан келген мигранттар қатарының артуда. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кеңес өткізіп, Үкімет қалыптасқан ахуалды және оның елімізге әсерін барынша бақылауда ұстайтынын, сондай-ақ тиісті ведомстволардың жұмыстарын үйлестіріп отырғанын айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мәселен, полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, шекара бөлімшелері, әкімдіктер мен ХҚО қарқынды жұмыс істеп жатыр екен.

Премьер-Министр елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов арендалық тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға да ерекше назар аударды. Ол тараптардың құқықтары мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.

Бұл үшін жақын күндері арнайы жедел желілер іске қосылады екен. Оған барлық зардап шеккен қазақстандықтар хабарласа алады.

Одан бөлек, кеңесте еліміздің көлік инфрақұрылымы және барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.


- "Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен   өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер   осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда", - деді Әлихан Смайылов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив