KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да "онкологиялық ауруға күдігі бар" деген науқастар КТ, МРТ-дан кезексіз өтеді

19.04.2022, 12:16 207

Биыл облыс ауруханаларында онкологиялық ауруға күдікті науқастарды тез арада тексеруді көздейтін «жасыл дәліз» жұмыс істей бастады.

Емханаларға анамнез және сараптама алу үшін бар болғаны 5 күн беріледі, оған талдаулар мен рентгендік зерттеулерді жинау кіреді. Содан кейін науқас аудандық онкологқа жіберіледі, ол 10 күн бойы қосымша зерттеулер жүргізеді, қажет болған жағдайда науқас КТ және МРТ-дан өтеді.

- МРТ және КТ тегін жүргізіледі, жолдаманы өз емханасынан алуы керек. Бұл зерттеулер «жасыл дәліз» аясында кезектен тыс жүргізіледі. Науқастың мұны білуі және оны талап ете алуы маңызды, - деп атап өтті Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Анна Кухарева.

Осыдан кейін облыс тұрғынын онкологиялық орталыққа жіберіледі. Онда мамандар гистологиялық сынамаларды алу және т.б тереңдетілген зерттеулер жүргізеді. 15 күннен кейін ем-дем шаралары белгілі болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив