Мамыр айында қанша күн демаламыз?

Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені атап өтеді: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Осы ретте қанша күн демалыс беріледі екен?
Биыл 1 мамыр жексенбіге түскендіктен тағы бір демалыс күні қосылады – 2 мамыр.
7 мамыр сенбіге, 9 мамыр – дүйсенбіге келіп тұр. Сондықтан төрт күн қатарынан демалыс беріледі, яғни мамырдың 7-сінен 10-на дейін.
Осылайша қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы бойынша есептегенде барлығы 12 күн демалады, алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 8 күн.
Сонымен қатар оқыңыз