Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Президенттікке үміткерге қандай талаптар қойылады?

26.09.2022, 17:49 0 0 Мадина Амангелдіқызы

23 қыркүйекте елімізде кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну науқаны басталды. Ол 19 күнге созылады. Науқан 11 қазанда сағат кешкі алтыда аяқталады.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында кандидаттардың Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Президенттікке үміткерге қойылатын талаптар:

-          тумысынан Қазақстан азаматы болуы керек;

-          соңғы 15 жыл ел аумағында тұруы шарт;

-          жоғары білімі бар;

-          40 жасқа толған;

-          белсенді сайлау құқығына ие;

-          мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;

-          мемлекеттік тілді еркін меңгеруге тиіс.

Сондай-ақ кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив