Өскемен
-20°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Қаңтар оқиғалары: 1500-ден аса адамға рақымшылық жасалмақ

25.09.2022, 15:11 5 0 Мадина Амангелдіқызы

 

Еліміздің Бас прокуратурасы "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі. Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқы үшін орналастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында   ізгілік идеясының негізінде игі ниеттілік танытып, қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды тапсырған болатын.


- «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», деген еді Президент өз Жолдауында.


Бас прокуратураның мәліметінше, арандатушылардың теріс ықпалына түскен «қаңтар оқиғаларына» қатысушылар бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады. Олардың әрекеттерінің құқықтық салдары– жазалау, соттылық және т.б. проблема болып отыр.

Қазіргі уақытта тергеуде жүргендер мен сотталғандар арасында 1 520 адам рақымшылыққа ілінеді екен.

«Қаңтардағы оқиғалар» бойынша іс жүргізуде 391 қылмыстық іс бар. Бұлар рақымшылық жасауға жататындар.

Олар бойынша 383 күдікті айыпталушы болып өтуде (бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпеу туралы қолхат – 153, күзетпен ұстау – 147 адам, үйқамаққа алу – 24, кепіл – 19, жеке кепілгерлік – 2, бұлтартпау шарасы таңдалмады – 28, іздеуде – 10).

Соттың іс жүргізуінде 102 адамға 36 іс бар.

Сотталғандар - 1 035, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер - 93; пробацияда - 930; 3 айыппұл тағайындалды; қоғамдық жұмыстар - 9; түзеу жұмыстары - 0.

 


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив