Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Ұрынхай ауылында заманауи жаңа мектеп ашылады – Күршім ауданы

25.09.2022, 15:07 7 0 Мадина Амангелдіқызы

Қараша айында Күршім ауданының Ұрынхай ауылында заманауи жаңа мектеп ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірер күн бұрын Ұрынхайға барып қайтты. Жұмыс сапары барысында бұл елді мекенде заманауи жаңа мектеп өз есігін айқара ашатынын хабарлады.

Айта кетсек, бұрын ауылдың балалары ескі ағаш мектепте оқыған екен. Қазір жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Жаңа мектеп ғимаратына оқушылар екінші тоқсаннан бастап көшіріледі. Оқу орны барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген, онда робототехника сыныбы ашылып, сабақ процессінде интерактивті тақталар қолданылады. Облыс әкімі тұрғындар үшін "Қазақстан халқына" қорынан ауыл мектептеріне заманауи жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінгені өте маңызды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы ауылда ауыл туризмін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін алға тартты.


- Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасына енетін жеке жоспар жасалады-қазірдің өзінде бес қонақ үй құрылысының жобасы бар, ал егер тұрғындардың өз идеялары болса, біз оларды қарастыруға және қолдауға дайынбыз. Бүгінде жас мамандардың туған ауылына оралғысы келетіні қуантады, өйткені оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін жақсы түсініп отыр, - дедә Даниал Ахметов.

   

 

 школа.jpg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив