Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Өскеменде АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді

24.09.2022, 17:37 7 0 Мадина Амангелдіқызы

24 қыркүйектен бастап Өскемен қаласының АвтоХҚО жұмыс кестесі өзгеруде. Енді олар сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мамандандырылған ХҚО-ның жоғары жұмыс жүктемесіне байланысты мемлекетік корпорация жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Республика бойынша 20 АвтоХҚО-сы сенбі күндері жұмыс істейтін болады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады.

Еске сала кетейік, АвтоХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады.

Өскемен қаласы бойынша кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары №3 ХҚО Белинский 37а және АвтоХҚО Абай даңғылы 203/3 мекен-жайларында орналасқан.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив