KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жалынды жастар жұмысқа жаңаша серпін береді

23.09.2022, 17:22 77

Кеншілер қатарын жас мамандармен толықтыруды дәстүрге айналдырған KAZ Minerals Тобы биыл да өңірдегі техникалық білім беретін оқу орындарымен келісім-шарттар жасасып, қызметке жастарды тартуда.

Бұлай деуімізге басты себеп, компанияның жоғары оқу орындары мен колледждерде инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша соңғы курстарда оқып жатқан студенттерді тағылымдамадан өткізу бағдарламасын қолға алуы болды. Жыл сайын, жұмысшылар қатарын жалынды жастармен толықтыруды жүргізіп жатқан кәсіпорын осылайша өз ісіне берік әрі білікті мамандарды даярлап, компания болашағын қамтамасыз етпек.

Жас мамандардың ақылы тағылымдамасын жұмысшы мамандықтары үшін бір жылдық, ал инженерлік мамандықтар үшін екі жылдық іс-тәжірибелік оқытумен қамтыған компания, тағылымгерлерді жақсы жалақымен де қамтамасыз еткен. Бүгінде осындай белгілі компанияда тағылымдамадан өту бақыты Семей геологиялық барлау колледжін биыл тәмамдаған Дина Жұмағазыеваға да бұйырған. Қазіргі уақытта орталық талдау зертханасында химиялық зертханашы болып жұмыс істейтін бойжеткен қызметін бастағанына үш айдың жүзі болған.

– Колледжде алып шыққан мамандығым тікелей химияға жақын. Ал мен мектеп кезінен химия пәнін жақсы көріп оқыдым. Көптеген жарыстарға қатысып, орындар алып жүрдім. Мені химия әлеміне жақын екенімді байқаған мектеп директоры үнемі қолдап отырды. Химиядан хабары жоқ адам үшін барлық құбылыс сиқырға толы көрінеді. Ал мен сол сиқырды жасаушымын, – дейді Дина Жұмағазыева.

3afa02a1-3cf8-4fd1-bddc-fc72caadc5c8.jpg

Ол туғандардан жырақ, қара шаңырақтан алыс, оған қоса ұзақ мерзімде жұмыс істеудің қыз бала үшін өзіндік қиындықтары да бар екенін айтады. Дей тұрғанмен, мұның барлығын жұмыс барысындағы әріптестердің қолдауы мен әзіл-қалжыңы ұмыттырып жіберетін көрінеді.

Мұнда жұмысшылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Уақытылы әрі құнарлы тамақтанумен, түрлі спорт құрылғыларымен, ойын-сауық орындарымен қамтамасыз етілген.
Осы себепті, компания жұмысшылары үшін жұмыстан тыс уақытты өздеріне пайдалы өткізуге барлық жағдайлар жасалған.

– Бізде жұмыстан тыс уақытты пайдалы өткізу үшін тренажер залдары, бильярд, теннис, шахмат, музыкалық аспаптар залы, кинотеатр, караоке және тағы басқа көңіл көтеруге арналған орындар жасалған. Оған қоса жұмысшылар таза жерде жұмыс істейді. Мұндағы ең басты құндылық – адам және оның денсаулығы. Сондықтан, әр жұмысшыға жеке қорғаныс киімдері мен құралдары беріледі. Олар жарамсыз болып қалған жағдайда орнына басқасын жедел ауыстырып береді. Осының барлығы, жұмысшылардың жайын ойлауы деп білемін, – дейді Дина Жұмағазыева.

Ұжымның өте ұйымшыл екенін алға тартқан жас маман, әріптестерінен теңдесі жоқ тәлім алып жатқанын айтады. Басшылық тарапынан да көңіл бөлушіліктің жоғары деңгейде екенін тілге тиек еткен ол, әр жұмысшының жағдайы, оның жұмыс орнындағы жайлылығы компания басшылығының басты мақсаты дейді.

– Басшылық бізді бір сәт те назарынан тыс қалдырған емес. Үнемі барлығы жақсы ма, сұрақтарымыз бар ма, жоқ па біліп отырады. Бір жылға жуық тағылымдамадан өткен соң, ары қарай да қызметімді осы кәсіпорында жалғастыруға ниеттімін. Жалақым жаман емес. Біз сияқты жас мамандар үшін жалақы деңгейі жақсы десем де артық айтпаған болармын. Сонымен қатар, келесі жылы арнайы орта білімімді жоғары біліммен ұштастыруды ойластырып жүрмін, – деп қосты Дина Жұмағазыева.

Осылайша, жаңа мүмкіндіктер мен бейтаныс ортадан қорықпау керектігін алға тартқан жас маман, пайда болған мүмкіндіктер үлкен белестердің бастамасы болуы да мүмкін екенін айтады. Сол себепті жаңа әлемде бұрын бейтаныс болған дүниеден қорықпай, болашаққа үлкен үмітпен қарау әр жасқа керек қасиет дейді.

Айта кетсек, «Тағылымгер» бағдарламасы KAZ Minerals Тобында төрт жыл қатарынан табысты жұмыс істеп келе жатқан бағдарлама. Осы уақыт аралығында жоғары оқу орындары мен колледждердің 460 түлегі тағылымдамадан өтіп, үздік деп танылған 280 тағылымгер компания кәсіпорындарына тұрақты негізде жұмысқа орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив