Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 3,1 м/с, СВ
444.85 477.19 5.42

Кинотеатрларда тарихи 6 фильм бір апта бойы тегін көрсетіледі — Өскемен

12.03.2022, 18:19 36 0

Өскемен қаласында 14 наурыздан бастап күн сайын тұжырымдаға сәйкес тақырыптық іс-шаралар өтеді. 
Мәселен, 17 наурыз — "Тарихқа тағзым күніне" орай  Өскемен қаласындағы кинотеатрларында қазақ кинотуындалары, атап айтқанда, "Жаужүрек мың бала", " Күлтегін", "Менің атым — Қожа", Қыз Жібек", "Балуан Шолақ" фильмдерін қала тұрғындарына тегін көрсету апталығы ұйымдастырылып отыр. Қала әкімдігі бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрілігі жанындағы Мәдениет комитетімен жұмыс жүргізуде. 

— Өскеменде биыл қазақтың тарихи киноларының тегін көрсетілімін жасаймыз. Биылғы Наурызды тойлаудың ерекшелігі де — сол. Қазақ жастарына кино өнері арқылы тарихымызды, ұлтымыздың дәстүрін, қилы тағдырын насихаттаймыз. Жастарымыз интернеттен бір уақыт аластап, кино өнеріне, оның ішінде ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңірсе деген ниетіміз, — дейді Өскемен қаласы Мәдениет бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.

Сонымен қатар дәл осы 17 наурыз күні Өскемеедегі еңбек ұжымдары арасында "Қазақтың ұлттық киіміндегі күн"  челленджі өтпек.

36
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив