ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-29°
туман Штиль
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Маралды ауылындағы алтын өндірісіне қатысты бірқатар шешім қабылданды - ШҚО

22.09.2022, 17:16 2 0 Мадина Амангелдіқызы

16 қыркүйекте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

9459b31a8a99f68b6c7c99e7f7d45993_1280x720.jpg

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Маралды тұрғындары өңірдің экологиясына теріс әсерін көрсете отырып, алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шыққан еді. Бұл мәселені жергілікті тұрғындар экология министрі Серікқали Брекешевтің Өскемен қаласына жұмыс сапары кезінде көтерген болатын. Оның нәтижелері бойынша жұртшылықпен проблемалық мәселелерді талқылау тапсырылған.

Бұған дейін облыстық экология департаменті адамдардың алтын өндіру фабрикасын салу жобасына қарсылығын ескере отырып, мынадай ескертулер берген еді:

- Алтын өндірудің балама әдісін қарастыру;

- Құрылыс және пайдалану кезінде топырақтау;

- Қосымша табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу;

- Құрылыс және өндіру кезінде уранның әсер ету мүмкіндігі;

- Учаскелерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізу.

Министрліктің ақпараты бойынша, аталған ескертулерді "ВСАМ Продакшн" ЖШС компаниясы егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың оң келісуінен кейін экологиялық рұқсат берілген екен.

Шығыс ғылыми-зерттеу кен металлургия түсті металдар институтының ғылыми зерттеулеріне сәйкес, "Маралиха" және "Маралиха тәжірибелік алқабы" кен орындарының байырғы кендерінен пайдалы қазбаларды алу үшін ең тиімді және қауіпсіз технология реагенттерді қолдану арқылы ғана үймелік сілтісіздендіру екені анықталды. Басқа технологиялар қоршаған ортаға ықтимал қауіп төндіретін сұйық қалдықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, экологиялық рұқсаттың қолданылуының ерекше жағдайларында келесі іс-шаралар көрсетілген:

- 2 ұстап қалатын апаттық тоғандардың құрылысы бойынша;

- қышқылға төзімді және берік геомембрананы қолдану үшін үймелік сілтісіздендіру карталарын салу кезінде;

- іргелес аумақты 5 жастан 10 жасқа дейінгі ағаш-бұта өсімдіктерімен көгалдандыру;

- жерасты суларының мониторингтік желісін құру;

- датчиктерді үздіксіз бақылау.

Жергілікті тұрғындардың наразылығын ескере отырып, "ВСАМ Продакшн" ЖШС фабрика құрылысының учаскесін Маралды ауылынан 10 шақырым қашықтыққа ауыстыруды ұсынып отыр.

Сонымен, қорыта келгенде, осы кездесудің нәтижесінде лицензиялық бақылау постын өткізу және оның шарттарының сақталуын егжей-тегжейлі зерделеу үшін "MARALICHA "ГРК" ЖШС-не және "MARALICHA-Cold "ГРК" ЖШС-не хабарлама жіберіп, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензияларды қайтарып алу (айыру) жөніндегі мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ "ВСАМ Продакшн" ЖШС Экология департаментінің ескертулеріне берген жауаптарын зерделеп, экологиялық рұқсатты қайтарып алу (айыру) бойынша нақты ұсыныстар енгізсін деген талап қойылды. Одан бөлек, мүдделі жұртшылыққа жобалық құжаттама бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу ұсынылды.

 

 

 

 

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 10:03 Өскеменге қар тазалайтын жаңа техникалар әкелінеді Бүгін, 09:30 ШҚО-да білім мекемелері қашықтан оқыту форматына ауысты Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО