KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

2 млрд теңге - Өскемендегі автобустар мен трамвайларды биыл жаңартуға бөлінген қаржы

3.03.2022, 11:39 193

Өскемен мен Семейде қоғамдық көлік мәселесі өзекті. Желіге қоғамдық көліктер шықпай қалады. Себебі белгілі: көліктер ескі, жүргізушілер тапшы. Салдарынан автобустарды тұрғындар аялдамада сағаттап күтуде. Ал қалада халық күн сайын көбейіп келеді.

Бұл мәселені жергілікті билік «жаңа автобустарды сатып алумен шешеміз» деп уәде берген.

-   Баяу болса да, бұл тұрғыда жұмыстар жүріп жатыр. Облыс орталығы Өскеменде 25 автобус әкелінді. Енді 55 автобусты әкелу жоспарда бар. Бүгінде барлық тасымалдаушы компаниялар келісімге қол қойды. Қазір байқау жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйекке дейін бұл жұмыстарды аяқтаймыз, - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар тұрғындармен өткен кездесуде.

Сонымен қатар, қала әкімі мен облыс басшысы биыл жыл соңына дейін 5 жаңа трамвайлар сатып алынаып, рельстер жаңартылатынын да мәлімдеді. Айта кетейік, қаладағы трамвайлар соңғы 70 жылда жаңартылмаған.

-   Биыл жоғары класстағы 60-қа жуық автобус және бес жаңа трамвай сатып алынады. Бұл маршруттық желіні ұлғайтуға, аралықтарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл үшін бюджеттен 2 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, 2025 жылға қарай 103 көлік бірлігі жаңартылып, 7 жылға дейінгі автобустардың үлесі 30 пайызды құрайтын болады, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив