KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

2025 жылға дейін Өскеменде 6 мектеп салынады. Қай жерлерде?

2.03.2022, 17:34 287

ШҚО-да білім беру саласында мектеп инфрақұрылымын жақсарту шаралары жүргізілуде. 

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірде үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген.

-    ШҚО-ла орын тапшылығын азайту мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 33 мектеп салу жоспарланған. Ағымдағы жылы 7 мектеп пайдалануға беріледі, оның 4-еуі ескірген ғимараттарын ауыстырады, - деді аймақ басшысы Өскемен тұрғындарымен кездесуінде.

Сонымен қатар, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындармен кездесуде 2025 жылға дейін Өскеменде 4330 орындық 6 мектеп салынатынын атап өтті. Салынатын мектептер облыс орталығының Сол жағалау бөлігінде орналасады:

-       19-тұрғын үй ауданында 880 орындық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп;

-        «Нұрлы жол» ауданында 600 орындық мектеп;

-        Спорт кластері ауданында 1200 орындық мектеп;

-        19-шы шағын ауданда 1200 орындық мектеп;

-        28-ші шағын ауданда 300 орындық мектеп;

-        Мектеп-интернаты (150 орын) бар 300 орындық Білім инновация лицейін салу жоспарланған.


Сондай-ақ, облыс басшысының айтуынша, өткен жылы ШҚО-да 11 білім беру нысанына 1,1 млрд теңгеге күрделі және 197 мекемеге 2,8 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу, оның ішінде Өскеменде 1 млрд теңгеге жуық қаржыға 35 мектеп пен 11 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, биыл облыстың білім беру ұйымдарын жөндеуге тағы 1,7 млрд теңге қарастырылып отыр. 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив