ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
ясно ветер 0,7 м/с, ЮВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да «Жайдарман» фестивалі өтті

20.09.2022, 15:59 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогіне арналған XII Республикалық «Жайдарман» фестивалі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты шалғайдағы ауылдық округтерден шыққан шығармашыл жастарды қолдау, рухани дамыту және жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жастардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Аталған фестивальге Павлодар, Абай облысынан, ШҚО қалалары мен аудандарынан барлығы 8 команда қатысты.

«Жайдарман» фестивалінің қорытындысы бойынша, бірінші орын мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық Ұлан ауданының «Элегант» командасына бұйырды.

Екінші орын мен 70 мың теңгені Павлодар қаласынан келген «Моно» командасы иеленді.

Үшінші орынға (50 мың теңге) Семей қаласынан келген «Қарағайлы 34» командасы лайық деп танылды.

Барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болады, сондай-ақ 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Бұдан бөлек, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша 30 мың теңге Катонқарағай ауданының «Швейцария» командасының капитаны Ернұр Мамырбековке берілді.

Ұлан ауданы әкімінің арнайы 50 мың теңге ақшалай сертификаты Өскемен қаласының «Айдай» атты командасына табыс етілді.


DSC05730.jpg

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды