KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлі екі үй пайдалануға берілмек - ШҚО

20.09.2022, 15:08 77

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, қараша айында Қ.Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлік екі үй пайдалануға берілмек. Қазір құрылысшылар әрлеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

-        Аулалапда балалар алаңы тұрақты түрде орнатылды. Сондай-ақ Қ.Қайсенов кентінде 320 орындық жаңа мектеп құрылысы да жүріп жатыр. Ол желтоқсан айында аяқталып, тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Өкінішке орай, құрылысшылар жұмысты созуда, сондықтан мен құрылыс басқармасына және аудан әкіміне осы маңызды нысанды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Нысанды тапсыру мерзімін бұзбау үшін қосымша мамандарды тарту қажет, - дейді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі қазірден бастап аудан әкімдігі үйлер мен басқа да нысандардың құрылысын ескере отырып, кенттік қазандықтың мүмкіндіктерін есептеуі керектігін айтты.

-        Айыртау кентіде де дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Ол жердегі жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Аулада балалар және спорт алаңдары орнатылады. Бұл жоба негізге алынып, дәл осындай спорт нысандары шағын ауылдарда да салынатын болады. Таврия ауылында да дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Ең бастысы, ол мектеп пен стадионның жанында орналасқан, бұл ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға ғана емес, сонымен қатар мұнда спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді, - дейді Даниал Ахметов.

Негізінен Тавриядағы стадин мектептің баланысына кіреді. Қазір оның жабынын жөндеуге смета дайындалып жатқан көрінеді.

Жалпы , аудан әкімдігіне жергілікті мәдениет үйін, мектеп пен аурухананы жылытатын қазандықтың қуатын арттыру бойынша жоба дайындауды тапсырма берілді. Қазір бұл нысандар электрмен жабдықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив