Көктайғақ салдарынан 700-ден астам адам жарақат алған - ШҚО

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жарақат алғандар саны көбейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1-25 қаңтар аралығында өңірде көктайғақ салдарынан 719 адам жарақат алып, 48 адамды үсік шалған.
Ал осы кезеңде облыс орталығында 35 адам тайып жығылып, медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болған.
Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар көбінесе денелерінің, аяқ-қолдарының көгеруі, сынуы бойынша шағымданатын көрінеді.
Сонымен қатар оқыңыз