KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Риддерде төтенше жағдай жарияланды

7.11.2022, 09:06 471 Ләззат Қанатқызы

"Риддер-ЖЭО" АҚ-да орын алған төтенше жағдай бойынша шұғыл түрде штаб құрылды.

5 қараша күні сағат 20.00-де күл шығару жүйесіндегі жылу станциясында сорғы істен шығып, № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Апатты жағдай нәтижесінде салқындатқыштың температурасы +39 °С дейін төмендеді (қалыпты температура мөлшері +70 °С). Қазіргі уақытта Риддер қаласының 22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру азайтылды.

- Шұғыл түрде менің басшылығыммен апатты жою жөніндегі штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары келді.  Қазіргі уақытта күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.  ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілді, отынды жөнелту жалғасуда.  Апатты жағдайды жою үшін "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкер жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша жабдықтар бөлді. Сондай-ақ, Өскеменнен көмек ретінде "Востоквзрывпром"ЖШС-нің 20 қызметкері келді.  Сонымен қатар, қаланың энергожүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ Риддерге 12 авариялық бригада жіберді, - дейді облыс әкімі.

Риддер қаласының білім бөлімі басшысының м.а. бұйрығымен 7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту формасына көшіп,  қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес бұл авариялық жағдай жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ретінде жіктеледі.

- Жағдай ерекше бақылауда. Риддер қаласын жылумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда, - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив