Өскемен
-14°
пасмурно ветер 1,9 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Риддердегі жағдай толықтай бақылауда - ШҚО әкімі

7.11.2022, 20:19 221 0 Ләззат Қанатқызы

“Риддер ЖЭО” - да болған оқиға толықтай ШҚО әкімінің бақылауында.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

- 5 қарашада "Риддер ЖЭО" - да болған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабқа басшылық еттім. Қазір барлық жағдай өзімнің жеке бақылауымда, - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, станция басшылығы мен қызметкерлері багер сорғысының жағдайына назар аудармай, нәтижесінде оны су басып кеткен болатын. Таңертеңгі сағат 4-ке дейін коммуналдық қызметтер сорғыны ағызып, қазір "Қазмырыш" ЖШС бригадасы жұмысты жалғастыруда. 9 қарашаға қарай сорғы жұмысы қалпына келтірілмек.

- 1 орташа қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Сондай - ақ, апат кезінде № 6-жоғары қысымды қазандықта фистула табылды. "Востоквзрывпром" ЖШС-нің екі бригадасы дәнекерлеумен және жөндеу жұмыстарымен айналысады, жұмыстар 8 қарашада аяқталу керек.  Осы қазандықты іске қосу үшін қажетті температуралық режимді қалпына келтіреді.  Содан кейін біз бекітілген алгоритмге сәйкес жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырамыз. Ол үшін Өскемен кәсіпорындарынан энергетика саласындағы мамандар келді, - дейді аймақ басшысы.

Тұрғындар тарапынан наразылықтар мен түрлі сауалдар туындап жатқаны өтірік емес. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, оның бір себебі - жылу көзінің басшылығы өз объектісіне немқұрайлы қарап, сапасыз және тиімсіз жөндеу жүргізгендігі болып отыр.

- Біздің басты міндетіміз - жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және қыс мезгілінде мұндай жағдайларды болдырмау. Әрине, біз "Риддер ЖЭО" - ны қаланың коммуналдық меншігіне қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз, - деп түсіндірді Даниал Кенжетайұлы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив