Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, З
460.43 501.04 6.65

Риддерде 2 қазандық қондырғысы іске қосылды

8.11.2022, 19:23 293 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Риддер ЖЭО-да туындаған төтенше жағдайды жою бойынша бригадалардың тәулік бойы жұмыс істегеніне төртінші күн болды.

Өңірдің ірі өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарының өкілдері өз қызметін тәулігіне 24 сағат жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2 қазандық қондырғысы іске қосылды, бүгін сағат 15:00-де тағы біреуінің температуралық режимі 57 градусқа дейін көтерілді, жылу беру басталды. Ал сағат 21.00 - ге қарай жоғары қысымды қазандық іске қосылады.

- Өкінішке орай, №4 қазандықты жөндеу және ақауларын анықтау бойынша Риддер ЖЭО басшылығы еш шара қолданбады, біз осы қазандық қондырғысын іске қосу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізудеміз. Жағдай өзімнің жеке бақылауымда екенін тағы бір еске сала кетсем. Қала тұрғындарына көрсеткен шыдамдылығы мен түсіністігі үшін алғыс айтамын, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив