KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Ұлан ауданында бүркітшілер сынға түсті

9.11.2022, 10:50 450 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында «Шығыс салбуырыны-2022» ұлттық спорт ойыны ұйымдастырылып, бүркіт ұшыру мен ит жүгірту бойынша мықтылар анықталды.

Аталмыш сайыс осымен екінші рет өткізіліп отыр. Биыл 30 құсбегі сынға түсті. Бүркіт баптайтын саятшылар көршілес жатқан елдерден де келген екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл Бозанбайға қарай күні ұлттық спорт ойынына қатысушылардан бөлек туристер легі де ағылды.

 

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мұндай шараларды дәстүрлі түрде өткізудің маңызы зор екенін айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

– Құс баптау – бабаларымыздан келе жатқан дәстүр. Алда ұлттық спорттық ойынымыздың ауқымын кеңейту жоспарда бар. Бұл жолы 30 құсбегі бас қосты. Алыс-жақыннан шақырған қонақтарымыз толықтай келді. Дегенмен басқа мемлекеттерде де қыран баптайтындар баршылық екенін біліп жатырмыз. Болашақта олар да сайысымызда бақ сынап қалулары мүмкін, – деді аудан әкімі.

Жарысқа әкелінген қырандардың көбі 5-6 жаста екен, арасында 10-11 жастағылар да бар. Шырғаға түсірген уақыттары - шамамен 12-35 секунд аралығы. Құсбегілердің айтуынша, бұл жақсы нәтиже.

Құсбегілер арасында бірінші, екінші орындарды Алматы облысынан келген қатысушылар бұйырды: Алмас Сейітжан мен Ермұхан Байетбайға. Үздік үштікте Ақмола облысының бүркітшісі Алмас Қасымов та бар.


Ұлттық спорт ойынында ит жүгірту сайысы да өткізілді. Мұнда Өскемен қаласынан келген Мансұр Қанатбекұлының «Көкқасқа» атты тазысы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Ұлан ауданынан келген Адал Оразай, үшінші орынды аягөздік Жандос Озатұлы алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив