Өңірде тұмау өршіп тұр – Шығыс

Шығыс өңірінде тұмау өршіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері 200-ден астам адам тұмау жұқтырып үлгерген. Мұны антирекорд деуге де болады. Өйткені өткен жылы қараша-қаңтар аралығында облыс бойынша тұмауды тиді деген бірде-бір адам тіркелмеген.
– Бүгінге дейін аймақтың 206 тұрғынына «тұмау» диагнозы қойылды. Әсіресе бес жасқа дейінгі балалар арасында көп таралып жатыр. 62 жағдай тіркелді. Сондай-ақ 30-65 жас аралығындағы 44 тұрғын тұмау жұқтырған. Тұмау жұқтырғандардың саны бойынша Семей алда тұр (105 жағдай). Ең жағымды көрсеткіш Бородулиха, Глубокое және Көкпекті аудандарында, деп мәлімдеді департамент.
Сонымен қатар оқыңыз