KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Риддерде үш қазандық іске қосылған

18.11.2022, 09:29 364 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығында кеңес өткізді.

Штаб мамандары қазандық агрегаттарында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының жеделдетілген жоспарын пысықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір Риддерде үш қазандық іске қосылған, судың температурасы 60 градустан асады.

- Үйлер айтарлықтай жылынды. №6 жоғары қысымды қазандықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сынақтардан кейін ол жылу жүйесіне қосылады, ертең күрделі жөндеуден өткен №4 қазандық агрегаты іске қосылады. №5 қазандықты жөндеуге біраз уақыт кетеді, мұнда электр кабельдік желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі және барлық қажетті жабдықтар жеткізіледі деп күтілуде, - дейді Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ, мазут пен күлден тазарту жүргізіліп, багер сорғы станциясы жұмыс жағдайына келтірілген.  

- Қазір ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жедел Тәртіпті бұзғаны үшін "Риддер ЖЭО" АҚ жауапкершілігін қарастыруда. Жөндеу жұмыстарын 13 мердігер ұйым (130 адам) жүргізіп жатыр, пайдалануға қосымша 32 адам тартылды. Энергия тұтынудың артуы жағдайында энергетикалық компаниялармен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді, - деді ШҚО әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив