KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-дағы көпір құрылысына қатысты тараған ақпарат расталмады

18.11.2022, 16:15 512 Мадина Амангелдіқызы

Кеше республикалық БАҚ пен  әлеуметтік желілерде ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша үлкен жоба тоқтап қалуы мүмкін деген ақпарат тарады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Байахметовтің айтуынша, оған қаржыландырудың жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат расталмады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

2023 жылға арналған құрылысты қаржыландыру сомасына келетін болсақ, республикалық бюджеттен 20 миллиард теңге сұралған екен. Бұл туралы бұдан бұрын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Күршім ауданының әкімі Алматы Ақышов мәлімдеген болатын.

Мемлекет басшысының Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындау үшін республикалық бюджеттен 2023 жылға 20 млрд теңге сұралды. Көпір құрылысын тапсыру мерзімін ұзарту туралы мәселе көтерілген жоқ және жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Көпірді 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігінде.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта уақытша көпір жабдықталған, ал негізінен 20 тіректің  9-ы тұрғызылып қойған. Сондай-ақ екі жағалаудан кірме жолдардың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нысан 2024 жылы тапсырылады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив