KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Риддер: ЖЭО-дағы қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады?

20.11.2022, 12:55 269 Мадина Амангелдіқызы

Риддерде жылу-энергия орталығындағы қалпына келтіру жұмыстары қарашаның соңына дейін аяқталады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-дағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ алға қойылған міндеттердің орындалуын жеке бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталмыш жылу орталығының күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандықтың қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Салдарынан салқындатқыштың температурасы +39 °С-га дейін төмендеген.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің жетекшілігіндегі арнайы жұмыс тобы Риддер қаласына барып, нысанды қалпына келтірумен үздіксіз айналысып келеді. Жағдай облыс басшылығының жіті бақылауында.

– Риддер ЖЭО-да жөндеу-қалпына келтіру науқанының екінші аптасында ауқымды жұмыс атқарылды. Өңірдің түкпір-түкпірінен екі ауысымда жұмыс істейтін үздік мамандар жұмылдырылды, сондықтан проблемалық объектіде жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, – деп хабарлады Риддер әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі.


Мамандар орташа және жоғары қысымды қазандық агрегаттарының жұмысын қысқа мерзімде реттеуді көздеп отыр.

Қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив