Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Өскеменде балабақша директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды

5.12.2022, 17:02 381 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін №45 "Болашақ" балабақшасына қалалық білім бөлімінен испекция келіп, ата-аналармен топтарды жылыту мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта мекемеде температура +19 градусқа дейін көтерілген, десе де жатын бөлмелер әлі де суық, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада облыс орталығындағы балабақшалардың бірінде температура +13 градусқа дейін төмендеп кеткен. Басшылық одан хабардар болса да, ешқандай шұғыл шаралар қабылдамаған көрінеді.

- Балалар екі күн бойы температуасы белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін топта болған. Мұндай жағдайда топтарды жабу немесе балаларды басқа жерге ауыстыру керек болған. Ешқандай шара қабылдамаған директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жылыту мәселесі қазір шешіліп жатыр. Орнатуға уәде берген теплофондар да сатып алынған. Терезелер тексеріліп, жөндеу жұмыстары да жүргізілмек.

- Ғимаратта технкалық тексеру басталды, ал қаптауға ЖСҚ дайындалып, келесі жылдың басында байқау жарияланбақ. Қазір балабақша басшылығы кепілдік аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін терезелерді орнатқан мердігерге шағым дайындап жатыр ,-деп атап өтті Өскемен қаласының білім бөлімі мамандары.

Сондай-ақ мамандар ата-аналарға балаларды басқа мекемеге ауыстыруды ұсынды, десе де ата-аналар бұл ұсыныстан біраузыдан бас тартты.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив