Өскемен
-13°
туман Штиль
455.65 489.96 6.36

Әлихан Смайылов: ШҚО барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие

7.12.2022, 18:27 463 0 Мадина Амангелдіқызы

Даниал Ахметовтың ШҚО-да жұмыс істеген кезеңінде ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы жобалары іске асырылды. Оншақты әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде: мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, оның ішінде ана мен бала орталығы, гематология орталығы.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысының активі алдында атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыс депутаттары өз кезегінде Шығыс Қазақстан Даниал Ахметовтің басшылық етуімен өзінің тұрақты дамуы мен өркендеуін жалғастыратынына сенім білдірді.

- 8 жыл ішінде көп нәрсе жасалды. Бұл мектептерді жаңа пәндік сыныптармен жабдықтау, инфрақұрылымды кеңейту және жол салу, туризмді, денсаулық сақтауды дамыту. Мұндай лауазымға тек саяси ерік пен әкімшілік талант емес, саланы терең білу қажет. Ал Даниал Кенжетайұлы өңірдің проблемаларын да, мүмкіндіктерін де біледі. Сондықтан, менің ойымша, бұл біз үшін геосаяси тұрғыдан қазіргі тұрақсыз уақыттан өтіп, жаңа деңгейге шығу үшін ең дұрыс шешім. Біздің өңірдің әлеуеті зор. Мен осы процестерді басқаратын, оның дамуына көмектесетін мықты көшбасшыны жақтаймын! - деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Зоя Новолодская.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив