KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да шетелдік көліктерді тіркеу: Қашан? Қайда? Қалай?

13.01.2023, 16:46 707 Оразай Жеңісұлы

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл реттік акция 23 қаңтарда басталады.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері заңдастырудың өлшемшарттары туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген, іздеуде жоқ, бұрынғы, яғни басқа мемлекетте тіркелген жері бойынша есептен шығарылған, кедендік тазартудан өткен көліктер заңдастырылады және утилизациялық алым алынбайды, – деді әкімшілік полиция басқармасының басшысы Еркін Әнуарбеков.

Көліктерің жылына және экологиялық класына шектеу қойылмайды.

Заңдастыру қалай жүзеге асады?

Заңдастыруға өтініш электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.

Арнайы ХҚКО-дағы секторларда тек құжаттар қабылданады. Сол жерде әкімшілік полиция қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері де болады. Олар қажет жағдайда заңдастыру мен кедендік төлемдерді төлеудің тәртібін түсіндіреді.

Көлік иесі қандай құжат ұсынады?

Жүргізушілер 4 құжатты ұсынады:

    1) өтініш;

    2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

    3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

    4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Төртінші құжатқа қатысты айтсақ, бұған мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттар, мұрагерлік құқық туралы куәлік жатады.

Өтініш пен құжаттар тапсырылғаннан кейін арнайы ХҚКО-ның тексеру пунктінде көліктің нөмірлік агрегаттар салыстырылады. Тексеруді ішкі істер органдарының сарапшы-криминалист маманы жүргізеді. Екі күн ішінде көлік иесіне заңдастыруға болатыны немесе болмайтыны жөнінде хабарлама жіберіледі.

Қанша қаражат жұмсалады?

Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж – 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлейді және құжаттардың түпнұсқасын арнайы ХҚКО қызметкеріне тапсырады (шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжат). Тіркеу бекітілгеннен кейін көлік иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірі беріледі.

Шетелдік есептегі көліктерді заңдастыру бір реттік акция екенін естеріңізге саламыз. Бұдан былай азаматтар шетелдік есептегі көліктерді сатып алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тіркетуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив