KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Риддер ЖЭО-дағы мәселе 3 күн ішінде шешіледі – ШҚО әкімі

19.01.2023, 14:03 463 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығының жұмысын үш күн ішінде қалпына келтіруге уәде берді.

Аймақ басшысының айтуынша, барлық 4 қазандық мазутпен жұмыс істейді, ал қазір жылу электр орталығында 5 күнге жететін мазут қоры бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазіргі уақытта ол жерде 380 тонна мазут бар, тағы 960 тонна мазут жолда. Егер бір күнде 240 тонна мазут қолданылса, бізде 5 күнге жететін қор бар. Біз осы 3 күн ішінде барлық жұмыстарды орындап, бұл мәселені шешеміз, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат шамамен 06.54 шамасында Риддер жылу электр орталығындағы цехтардың бірінде өрт шыққан болатын. Өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Десе де жылу желісінің температурасы уақытша төмендеген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив