KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Өскемен: 144 жалдамалы баспана қолданысқа беріледі

24.01.2023, 15:24 553 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында екі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді.

Ақпан айының соңына қарай 144 пәтер қолданысқа беріледі, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

«Нұрлы Жол» тұрғын үй кешенінде орналасқан баспана кезекте тұрған ең әлеуметтік осал топ өкілдеріне беріледі. Қазір бір және екі бөлмелі пәтерлерді әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәл осы ауданда 600 орындық (1200 – екі ауысымға) мектеп те салынып жатыр.

«250 балаға арналған балабақша құрылысы да басталып кетті. Оған қоса мәнерлеп сырғанауға арналған мұз айдыны кешені ашылады», - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ құрылыс жұмыстары қарқын алған «Нұрлы Жол» тұрғын ауданында көлік кептелісі болмас үшін Базовая көшесінен Сәтпаев даңғылына шығатын 1100 метрлік төрт жолақты жол салынып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив