KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да балалы отбасыларға қандай қолдау көрсетілмек?

16.09.2022, 15:04 187

Бүгінгі таңда балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ШҚО Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің департамент басшысы Серік Саятов айтып берді.

-        Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған. Дегенмен, отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Ең негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту, - деп атап айтты спикер.

Нақтылай айтқанда, аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да байланысты. Мұндай құқықты жарты миллионға жуық ата-ана пайдалана алады.

-        Оған қоса, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Бұл төлем бүгінде МӘСҚ-ға аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды. Ал жұмыс істемейтін немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады, - деп түсіндірді Серік Саятов.

Сондай-ақ бүгінде бала күтімін атқаратын ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатылуы тиіс. Ал, жаңа Кодекс бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленетін көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив