KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Қасым Қайсенов кентінде тағы бір мектеп салынады - ШҚО

6.03.2023, 20:20 685 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және балалардың мектептерде білім алуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары қарқынды орындалып жатыр.

Президенттің тапсырмасын орындау аясында 6 наурызда Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп ашылды. Соңғы 6 айда бұл облыста ашылған 4-ші жаңа білім беру мекемесі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш мектеп жаңа оқу жабдықтарымен жабдықталған, 26 оқу кабинеті, 4 шеберхана, асхана, акт залы, заманауи кітапхана, спорт залы және жаттығу алаңы бар. 126 компьютер мен 26 интерактивті панель сатып алынды. Яғни, оқушылардың толыққанды және үйлесімді дамуы мен педагогтердің жемісті еңбегі үшін барлық жағдайлар жасалған.

 

Ашылу салтанатында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов атап өткендей, Ұлан ауданы бүгінде қарқынды дамып, жас отбасылар үшін тартымды болып отыр. Өткен жылдың өзінде аудандағы бала саны 12% - ға өскен. Демек болашақта білім мекемелеріне деген қажеттілік те пайда болады. Сондықтан Қасым Қайсенов кентінде 600 орындық тағы бір мектеп салу туралы шешім қабылданып отыр.

Айта кетсек, 2025 жылға дейін облыста 6800 орындық тағы 17 мектептің құрылысы жоспарда бар. Оның ішінде 3 мектеп 2023 жылы салынып қояды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив