KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскемен мен Риддер еліміздегі ең қымбат қалалар тізіміне кірді

11.03.2023, 16:54 411 Ләззат Қанатқызы

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең қымбат қалалар тізімі белгілі болды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ERI Қазақстанның 25 қаласы бөлінісінде өмір сапасының ұлттық рейтингін дайындады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Рейтингке экономика және бизнес, адами ресурстар және инфрақұрылымның 3 факторы кірген. 

Қалалардағы ең жоғары жалақы еліміздің өнеркәсіптік моноқалаларында, батыс өңірлердің облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында төленеді.

“Өмірдің қымбаттығы” индексі бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері – Жаңаөзен, Астана, Риддер, Степногорск, Алматы, Екібастұз, Балқаш, Өскемен, Атырау қалаларында қалыптасқан.

Ал Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз қалалары өмір сүру үшін арзанырақ болды. Мысалы, Түркістандағы күнкөріс деңгейі Жаңаөзенмен салыстырғанда 1,5 есе арзан. 

Жалдамалы жұмыскерлер санына қатысты жұмыссыздықтың ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында, ең төмен көрсеткіш Жаңаөзен қаласында байқалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив