Республика бойынша Өскемен мен Риддерде ескі үйлер көп екені анықталды

Экономикалық зерттеулер институты 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 25 қаласы бөлінісінде өмір сапасының ұлттық рейтингін дайындады.
Рейтингке экономика және бизнес, адами ресурстар және инфрақұрылымның 3 факторы кірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндай үйлердің ең көп үлесі Степногорск, Риддер, Қарағанды, Балқаш, Өскемен қалаларында кездеседі.
Жалпы тұрғын үй қорындағы ең аз «ескі үйлер» Жаңаөзен, Атырау, Қызылорда, Ақтау және Түркістан қалаларында байқалады. 2021 жылғы статистика деректеріне сәйкес, 1 адамға шаққанда 30 ш.м. тұрғын үйге Астана және Ақтау қалаларында қол жеткізілді деген қорытынды жасауға болады. Орташа алғанда, 25 қалада адам басына 24,9 шаршы метр тиесілі. Тұрғын үйдің шаршы метрі бойынша – Семей, Степногорск, Тараз, Петропавл, Сәтбаев бойынша аз көрсеткіштер байқалады.