KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

АҚДМ вице-министрі Шығыс жұртшылығымен кездесті

30.03.2023, 10:34 472 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бас ғимаратында жұртшылықпен кездесті.

Вице-министр кездесуде «Масс-медиа туралы» заң жобасы әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоба қазір Ашық НҚА сайтында тұр және 27 қыркүйекке дейін талқыланады. АҚДМ өкілінің айтуынша, құжат журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік қаржыландыруды реформалау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл БАҚ тіркеу тәртібін өзгерту және саланың өзін-өзі реттеуін дамыту сынды мәселелерді шешуге бағытталған.

– Мұндай тәсіл мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін, сондай-ақ отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Болашақта мемлекеттік биліктің, азаматтық қоғамның және масс-медиа өкілдерінің тең құқығына алып келуге мүмкіндік береді, – деді Евгений Кочетов.

Сондай-ақ вице-министр кездесуде азаматтық қоғам, отбасы, қоғамдық келісім мәселелеріне және жастар саясатына тоқталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив