KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы 19 әскери азамат жарақат алған

11.01.2022, 11:26 232

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 19 әскери әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Оның 8-і Өскемен гарнизоны, 11-і Семей гарнизоны бойынша.

- Қазіргі таңда барлық жарақат алған жауынгерлер тиісті ем қабылдауда, жағдайлары тұрақты. Қайғылы оқиға кезінде орын алған​ көптеген адам өліміне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті-Жоғарғы қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев​ 2022 жылдың 10 қаңтары Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.Осыған орай Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде жауынгерлік міндетін атқару барысында қаза болған Ұлттық​ ұланның екі сарбазы:​ қатардағы​ Қайсаров Мадияр Оразалыұлы​ ​ ​ (5547 г. Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімі), қатардағы​ Аманов Айбат Ерболұлын(Талдықорған қаласындағы​ 5514 әскери бөлімі) еске алу митингісі өтті, - деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде өткен еске алу митингіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров пен Ардагерлер Кеңесінің ​ төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев қатысы.

-«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан​ және өз атымнан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына, жауынгер достары мен полиция қызметкерлеріне қайғыра көңіл айтамын. Жараланған және ауыр жарақат алғандар тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз!-деді өз сөзінде полковник Берік Тоқтаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив