KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Республика күні: бүгін елімізде ұлттық мереке қайта жаңғырды

25.10.2022, 13:11 384

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-ші қазанды ұлттық мереке «Республика күні» ретінде бекітті. Нақтырақ айтқанда, бұл мереке елімізде 13 жылдан кейін алғаш рет тойланып жатыр.

Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні ретінде атап өтілген еді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталды. Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданған болатын. Сол күннен бастап егеменді Қазақстан жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатса да, мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізілді. Ал 2009 жылы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертіліп, 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталынған еді.

Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив