KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ШҚО әкімі: «Риддер тұрғындарының уайымдауына еш себеп жоқ»

25.10.2022, 12:56 190

Бұған дейін біз Риддердегі жылу станциясы қазандықтарының жұмысы уақытша тоқтағанын хабарлаған едік. Осыған байланысты облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылып, шұғыл жұмыстар басталып кеткен болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде қазандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылған екен.

Қазіргі таңда Риддер қаласының ЖЭО–на Өскемен ЖЭО-нан 20 тонна мазутпен алғашқы көлік шығып үлгерді, бір сағат ішінде жол полициясының сүйемелдеуімен тағы 50 тонна жөнелтілетін болады. Сондай-ақ "ҚазМырыш"ЖШС да отын жеткізбек. Жылу станциясының екінші қазандығы жанып жатыр, бірінші және үшінші іске қосу жұмыстары жүргізілуде.


- Сағат 22.00-ге дейін Риддер ЖЭО температуралық режимге сәйкес тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету керек. Қала тұрғындарының уайымдауы мен мазасыздануына еш себеп жоқ. Станцияны қамтамасыз ететін қор оған жүз күн бойы үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив