KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО-дағы кеніштердің бірінде екі адам үйінді астында қалды

Фото: smotrim.ru

11.10.2023, 10:39 373 Мадина Амангелдіқызы

Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде тау жынысы құлап, екі қызметкер үйінді астында қалды.
Қазіргі уақытта олардың біреуін үйіндіден шығарып алған. Кеуде тұсына қатты соққы келген екен. Қазір аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, дәрігерлер зардап шеккен 27 жастағы адамның жағдайын орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалап отыр. Денесінде еш сынық жоқ. медициналық тексерулер жалғасып жатыр. 
Үйіндінің астында қалған екінші адаммен радиостанция арқылы байланыс орнатылды. ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы құтқару жұмыстары ары қарай жалғасатынын хабарлады. 
Аймақ билігі бұл жағдайды дереу бақылауға алды. Барлық қызметтер жұмылдырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив